Question
click below
click below
Question
Normal Size Small Size show me how
Тест по математике
Логикалық сұрақтар
Question | Answer |
---|---|
Егер Үсен 15 дәптер сатып алса, онда оның 7 теңгесі артылып қалады, ал егер 20 дәптер сатып алса, онда оған 8 теңге жетпейді. Асанның қанша ақшасы бар? | 52 теңге. |
4 түйме және 3 түйреуіш 26 теңге тұрады, ал сондай 2 түйме мен 2 түйреуіш 14 теңге тұрады. 8 түйме мен 7 түйреуіш қанша тұрады? | 54 теңге; 48 теңге. |
Егер оқушыларды партаға 2-ден отырғызса, онда 6 оқушыға орын жетпей қалады, ал егер үш адамнан отырғызсақ, онда төрт парта бос қалады. Сыныптағы оқушылар санын табыңдар. | 42. |
Дүкенге 10 литрлік және 17 литрлік бидонға құйылған 223 литр май әкелінді. Дүкенге қанша бидон май әкелінді? | 16 бидон. |
Жылқы бір мая шөпті 1 айда, ешкі – 2 айда, ал қой – 3 айда жеп бітіреді. Жылқы, ешкі және қой үшеуі бірігіп, осы шөпті қанша уақытта жеп бітіреді? | айда. |
4 оқушы 3 сағатта ағаштарды отырғызу үшін 6 шұқыр қазды. 8 оқушы 5 сағатта осындай қанша шұқыр қазады? | 20 шұқыр. |
Бассейнге үш трубадан су құйылады. Бассейнді бірінші және екінші труба 2 сағатта, екінші және үшінші труба 3 сағатта, ал бірінші және үшінші труба 4 сағатта толтырады. Бассейнді үшінші трубаның жалғыз өзі қанша уақытта толтырады? | 24 сағатта. |
4 «Б» сыныпта 25 бала оқиды. Сынып бойынша неше тәсілмен екі кезекшіні тағайындауға болады? | 300 тәсілмен. |