Question
click below
click below
Question
Normal Size Small Size show me how
Логикалық сұрақтар
Question | Answer |
---|---|
Екі санның қосындысы 2011-ге тең. Үлкенін кішісіне бөлгендегі бөлінді 8-ге тең. Сонда қалдығы неге тең? | 4 |
Жазылуында 1 цифры қолданылмайтын қанша екі таңбалы сан бар? | 72 |
Бір бай кісі өзінің екі үйін үш ұлына мұра етіп қалдырды. Балалары мұраны теңдей етіп бөліп алғысы келді. Әрбір үлкен екі ағасына бір үйден тиді, ал кішкентай інісіне әрбір ағасы 500 динардан ақша берді. Бір үй қанша динар тұрады? | 1500 динар |
Қорада жайылып жүрген қаздар мен ешкілердің бастарының 8-ге, ал аяқтарының саны 26-ға тең. Қорада неше қаз және қанша ешкі жайылып жүр? | 5 ешкі және 3 қаз. |
Бал құйылған банканың салмағы 500 г. Ал керосин құйылған сол банканың салмағы 350 г. Керосин балдан 2 есе жеңіл. Бос банканың салмағы қандай? | 200 г. |
Мектеп викторинасына қатысушыларға 30 сұрақ ұсынылды. Дұрыс жауап бергендерге 13 ұпай қосылды, ал дұрыс емес жауаптары үшін 10 ұпай алып тасталынды. Қатысушылардың бірі барлық сұрақтарға жауап беріп, барлығы 160 ұпай жинады. Ол неше сұраққа дұрыс жауап бе | 20 сұрақ. |
Футбол командасындағы он бір ойыншының орташа жасы 22-де. Матч кезінде бір ойыншы жарақат алып, ойын алаңынан шығып қалды. Сонда ойын алаңындағы ойыншылардың орташа жасы 21-ге тең болды. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншының жасы неше де? | 32 жаста |
Әріптердің орнына 0 мен 9 арасындағы цифрлар қойып, С-ның орнына қандай цифр сәйкес келетінін анықтаңдар. | 4 |
Үш дос Асан, Досан, Хамит өзенге барып балық аулады. Олардың қармағына шабақ, алабұға және мөңке балықтар ілінді. Асанның қармағына шабақ пен алабұға ілінген жоқ. Досанның қармағына шабақ ілінбеді. Бұлардың әрқайсысының қандай балықтар ұстағанын анықтаңда | Асан мөңке балықты, Досан алабұғаны, Хамит шабақты ұстаған. |