Question
click below
click below
Question
Normal Size Small Size show me how
индустрияландыру
9 класс
Question | Answer |
---|---|
Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен тұстас келді. Бірінші бесжылдықтың уақыты қашан еді? | 1928-1932жж. |
Қазақстанда индустрияландыру неден басталды? | табиғи кен байлықтарын зерттеуден |
Индустрияландыруды бастау шешімі қашан, БК(б)П-ның нешінші съезінде қабылданды? | 1925 жылы ХІУ съезде |
1925-1933жж.Қазақ өлкелік партия комитетінің І хатшысы кім болды? | И.М.Голощекин |
Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик? | И.М.Губкин |
Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны | 100 мың адам |
Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді: | 1931 жылы |
Ф.И.Голощекин ұсынған идея: | "Кіші қазан" |
Ф.И.Голощекиннің негізгі мамандығы қандай: | тіс дәрігері |
И.М Губкиннің "Бұл кен орны елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі" деп меңзеген өңірі: | Орал-Ембі |
Қ.Сәтпаевтың геологиялық зерттеулерінің нәтижесі қандай болды? | Жезқазған мыс кен орнының ашылуы |
1926 жылы кімдерге "ұлтшыл уклон"деген кінә тағылды? | С.Садуақасов пен С.Қожанов |
Түрксіб темір жолы қай жерлерді байланыстырды? | Орта Азия мен Сібірді |
Түрксіб темір жолының ұзындығы қанша? | 1145 км. |
Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі: | Н.С.Курнаков |
Түркісіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына қанша жылда салынып бітті? | Үш жылда |
1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны: | 375 мың |
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді: | Шикізат көздерін игеру |
Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған басқару әдісі: | Әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару |
Түрксіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен "Қазақкөлік құрылыс"тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға: | Т.Қазыбеков |
"Қазақстан отар болып келді және солай болып қала береді..."деп күйінішпен жазған кім? | С.Садуақасов |
Қатардағы жұмысшыдан Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілген кім? | Д.Омаров |